Бірінші сыныпқа Қазақстан азаматтығы бар, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалар қабылданады.
Қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Баланы мектепке қабылдау туралы өтініш және мектеппен келісім;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Медициналық карта (№ 026-У нысаны);
- Екпе картасы (063-У нысаны);
- Ата-анасының тұрғылықты жерінен және жұмыс орнынан анықтамалар;
- Түрлі-түсті фотосурет 3х4 - 4 дана.
Баланы мектепке қабылдау сұхбаттасу сәтті аяқталғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Мектепке дайындық:
Бірінші сыныпқа дайындық курстары оқу жылы бойы өткізіледі. Болашақта бұл баланың бірінші сыныпта оқуын айтарлықтай жеңілдетеді.
2-11 СЫНЫПТАРҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мектепке екіншіден он бірінші сыныпқа дейін оқушыларды қабылдау мынадай құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:
- Баланы мектепке қабылдау туралы өтініш және мектеппен келісім;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Медициналық карта (№ 026-У нысаны);
- Екпе картасы (063-У нысаны);
- Ата-анасының тұрғылықты жерінен және жұмыс орнынан анықтамалар;
- Түрлі-түсті фотосурет 3х4 - 4 дана.;
- Бұрынғы оқыған мектепбінен алынған оқушының жеке ісі;
- Мектеп мөрімен расталған барлық пәндер бойынша ағымдағы бағалардың үзіндісі (оқу жылы ішінде көшкен кезде).