Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақсатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қолданамын. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті ашылады.
Сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен, шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ой дегенге саяды. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаны басшылыққа алғалы бері оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгені байқалады. Оқытуда «Жұпта талқылау», «Инсерт» стратегияларын қолдану арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге тырысады. Постер қорғауда сенімділік ұялатса, «РАФТ» стратегиясы арқылы оқушыларды тереңнен салыстыра ойлануға жетелейді. Блум өлшемдері арқылы қабілетті оқушылар жұмыс істеуге, бірлесе жұмыс жүргізуге дағдыланады. Сабақ барысында оқушылар INSERT картасы, Венн диаграммасы, концептуалдық кесте толтыру стратегиялары арқылы мәтіннен өзіне қажеттісін тауып, қолдана білуге, семантикалық карта өз ойын әрқашан дәлелдей білуге, «Венн диаграммасы» арқылы салыстырып, талдау жасай алуға бейімделеді. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың тиісті деңгейде өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізуге білу дағдылары белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады.
Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады, жұппен жұмыс істеуге үйренеді. Ой түю арқылы керекті дәйектермен іздеп таба біледі, оны пайдалана білуге үйренеді. Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан-алуан элементтер арасындағы байланыс, бұл белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Әрбір сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары жоғары білім нәтижесін көрсетеді. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиелейді. Оқушылар өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сыныпта жағымды психологиялық жағдай қалыптасып, өзара ынтымақтастықта, жұмысты топпен жұмыла орындауға дағдыланады.
Қазіргі заман талабына сай оқушы мектепте алған білімін өмірде қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушылар білімді, ақпараттық технологияларды қолдана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді.
Көзі: 5psy.ru