Сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді! Бүгіннен бастап Бакалавриат мектебінде «Анам, әкем, мен - спорттық отбасы!» сайысы басталды. «Анам, әкем және мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорт сайысының өзектілігі – отбасылық қарым-қатынасты нығайту, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау, оның дене бітімінің дамыту мен дене шынықтыруға баулы, ерік-жігерге тәрбиелеу, алға қойған мақсатқа жетудегі төзімділік, тәртіп пен табандылықты арттыру. Спорт мерекесінің атмосферасы балалар мен ата-аналардың жағымды эмоцияларына толы болды.
Сайысқа мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары қатысады!!!
Бүгін 1 «А» және 1 «Б» сынып оқушылары арасындағы сайыстың бірінші күні өтті.
Спорттық жарыс көңілді өтті, жарысқа қатысушылар командалық рухы, спортқа деген құштарлықтары мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.
Барлық қатысушыларға тек жеңіс тілейміз!