logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Visual ARTS сурет үйірмесі

«Бакалавриат» мектебі жанындағы ӨНЕР СТУДИЯСЫ»
(Visual ARTS)

Мақсаты: балаларда қоршаған әлемге, өнерге жағымды, шығармашылық көзқарасты қалыптастыру. Өмірдегі әдемі дүниелерге адамгершілік және эстетикалық сезімталдықты қалыптастыру. Қол дағдыларын, топтық жұмысты, ұйымшылдықты дамыту.

Міндеттер:

  • Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрлерімен таныстыру.
  • Түстану туралы негізгі білім беру.
  • Кескіндеменің, графиканың, сызудың көркемдік мәнерлі құралдарымен таныстыру.
  • Композицияның қыр-сырын үйрету, көркем бейнені ашудың түрлі құралдарын көрсету. Айналадағы өмір тақырыптарына есте сақтау, қиялдау арқылы шығарма құра білу қабілеттерін дамыту.
  • Бізді қоршаған дүниені суретке етіп салуға, пәннің пропорциясы мен құрылымын жеткізуге үйрету.
  • Түрлі материалдармен және техникамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Балалардың зейінін, есте сақтауын, қиялын дамыту.
  • Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, істі аяғына дейін жеткізе білуге, өзінің және өзгенің еңбегін мейіріммен бағалай білуге тәрбиелеу.

Негізгі мазмұн

  • «Сен және өнер» Бейнелеу өнерінің негізгі әдістерімен таныстыру.
  • «Көру өнері». Бала қоршаған әлемді көруге және бейнелеуге үйренеді.
  • «Айналамыздағы өнер». Суретшінің шығармашылық қызметімен таныстыру. Атақты суретшілердің картиналарына сараптама жасау.
  • «Әлемнің даналығы мен сұлулығы». Көркем жанрлармен (натюрморт, пейзаж, портрет, тұрмыстық, анималистік жанрлар, стилистика және т.б.) танысу.
  • Өнер синтезі – театр, кітап, жарнама, халықтық мерекелер. Өзін шығармашылықпен көрсетуге, білім, білік қорын пайдалануға мүмкіндік береді.
  • «Сиқырлы қолдар» Сәндік-қолданбалы өнер. Балаларға пішінді, көлемді және түсті сезінуге көмектеседі (пластилин, саз, картон, түрлі-түсті қағаз).
  • Ұжымдық жұмыстар - қабырға газеттері, декорациялар, рөлдік ойындар.

Алматы мектебіндегі ӨНЕР СТУДИЯСЫ