logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Актерлік шеберлік

2022-2023 оқу жылында біз жыл сайынғы оқу бағдарламасына театр қызметі бөлімін оқып-үйренуді және оны балалармен жұмыс істеуде пайдалануды енгіздік.

Актерлік шеберлік сабағының міндеттері:

  • Оқушыларға ұялшақтық, өзіне сенімсіздік, тұйықтық сияқты мінез ерекшеліктерін жеңуге көмектесу;
  • Дүниені тек ақылмен емес, жүрекпен тануға;
  • Жақсылық пен жамандыққа деген көзқарасын білдіруге үйрету.

Неліктен балалар актерлік өнерді үйренуі керек?

Себебі, балаларға арналған актерлік шеберлік сыныптары көбінесе олардың дамуына байланысты көптеген мәселелерді шешеді. Атап айтқанда:

  • балалар ұялшақтық және тұйықтықтан біртіндеп арылады;
  • өзін дәлелдеуден қорықпайды;
  • олар көп адамдардың, әсіресе бейтаныс адамдардың ортасында өздеріне сенімдірек болады;
  • құрдастарымен кедергісіз және ашық қарым-қатынас құрады;
  • сөйлеу, дикция, есте сақтау және зейіндері жақсарады;
  • көкжиектерді кеңейеді;
  • интеллектті артады;
  • шығармашылық қабілеттері дамиды.

Алматы мектебіндегі театрландырылған іс-шаралар

Әрине, актерлік шеберлік сабағы балаларды өзін жастайынан жеке тұлға ретінде сезінуге, жаңа адамдармен тіл табысуға, қарым-қатынаста еркін, ашық болуға үйретеді, қызығушылықтары мен хоббилерін қалыптастырып дамытады. Мұның бәрі оның болашақта табысты болуына әсер ететіні сөзсіз. Ал ата-ана үшін баласының жетістіктерінен артық не бар?