18 сәуір 2022
Кез келген ата-ана баласының ақылды және дарынды болғанын қалағанымен, баланың қабілеті бәрінде бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір ата-аналар баланың бойындағы жоқ дарынды қолдан жасағысы келеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Назарларыңызға жас өскіннің бойынан байқалған дарынды қалай дамытуға болатыны жайлы кеңестерді ұсынамыз.
- Бала бойындағы талантты 2 жастан бастап дамытуға болады. Сәби әлемдегі құбылыстарды көру және есту арқылы қабылдайды. Сондықтан айналадағы әрбір құбылысты олардың назарынан қалдырмай түсіндіріп отыруда еріншектік танытпаңыз.
- Ойыншық таңдағанда ойды дамытуға арналғандарын алуға әрекет жасаңыз.
- Ойыншықтар баланың жасына сәйкес болсын. Ойды дамытатын ойыншықтармен түске дейін, түстен кейін шығармашылық ойды дамытуға арналғандарын беріңіз.
- Баламен қарым-қатынас еркін, анық, түсінікті және жылы болсын.
- Балалар ойнап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өз ойы және қиялымен болсын.
- Оқу және жазуды үйренген кезде ойдан ертегі құрастырып айтып беріңіз. Мүмкін баладан жақсы жазушы шықпасына кім кепіл?
- Егер балаңыз өзіне не керек екенін анықтай алмаса, түрлі үйірмелерге жаздырыңыз. Спорт, шығармашылық, техника осылар арқылы ол өзінің жолын таңдауға мүмкіндік алады.
- Жетістіктерін мақтап отыруды ұмытпаңыз.
- Уақытты көбірек бірге өткізуге тырысыңыз. Оның жан дүниесіне не керек, қиын кезде қалай көмектесу керек? Бұлардың бәрінен хабардар болып отырыңыз. Ата-анасының махаббаты, жылулығы балаға сенім береді.
Көзі: proforientator.ru