logo
1-11 сыныптарға қабылдау

Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!

14 қазан 2022

Тіл-халықтың ерекше жетістігі, оның ажырамас белгісі. Тілдің дамуы ұлттық мәдениеттің дамуымен толығымен байланысты. Рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауға жәрдемдесу, мемлекеттік және Ана тілі білімдерін зерделеу және жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасау, «Бакалавриат» мектебінде 19.09-дан бастап 23.09 ға дейін әртүрлі тілдерде қарым-қатынас мәдениетін сіңіру мақсатында Қазақстан халықтарының Тілдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізілді.

Тілдер күнін тойлау «тілдердің бірлігі – Қазақстан халқының бірлігінің негізі» ақпараттық стендін рәсімдеуден басталды.

Мектеп кітапханашысы Г.С. Есбатыровамен «Тілдер әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мектептің барлық оқушылары «Тіл – халықтың жаны» халықтар тілі мен достығы туралы суреттер мен плакаттар көрмесіне белсенді қатысты.

«Тіл-достық көшірмесі» атты бейнероликтерінде оқушылар тілдерді үйрену мен білудің маңыздылығы туралы айтып берді.

Оқу-тілдік және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тілдерді үйрену кезінде алған білімдерін бекіту, сондай - ақ сөздік тілді байыту, есте сақтау, сөйлеуді дамыту мақсатында мектепте «Тіл-халықтың тірі жаны"деп аталатын мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Іс-шараға 1-4, 5-8 сынып оқушылары қатысты. Балалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өлеңдер дайындады. «Оқу мектебі» жобасы аясында лирикалық, прозалық мәтіндерді қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жалпы мектептік оқу ұйымдастырылды.

Музыка пәнінің мұғалімі Бақыт Қалиқызы Килибаева «музыкалық экскурсия» (1-7 сыныптар), «Менің елім халықтарының әуендері» атты іс-шаралар ұйымдастырды.

Тілдер күні бүкіл халықты бірлікке баулиды және біздің біртұтас қазақстандық азаматтық бірегейлігімізді көрсетеді. Оның негізінде-біздің мемлекеттік қазақ тілі мен көпұлтты мемлекеттің мәдениеті, біртұтас құндылықтар мен қазақстандық патриотизм болып табылады. Бағдарлама соңын «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты этнофлешмоб қорытындылады.


Кері қайту