Ертең 1 наурыз көктемнің алғашқы күні! Сондай-ақ Алғыс айту күні.
Жыл өткен сайын бұл мереке еліміздің азаматтары үшін көбірек мағынаға ие болып, оның маңыздылығы арта түсуде. 2021 жылғы 1 наурыздағы құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәні мен терең символикасын атап өтіп, «Оның құндылықтары өзара көмек көрсетудің берік дәстүрлері мен халқымыздың мызғымас бірлігін қамтиды» деді. Расында да, Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы, әсіресе, жастар арасындағы келісімді нығайтудың маңыздылығын бағалау аса маңызды. Сондықтан, Алғыс айту күнін тойлаудың алдында күрделі міндет тұр – жас қазақстандықтарға мемлекеттілік пен жалпы демократиялық қоғамның негізінде халықтар бірлігі мен достығы жатқанын көрсету.
Барлығыңызды салтанатты сапқа шақырамыз.